КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШІЛІКТЕРІ» ТУРАЛЫ ЗАҢЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Кентау қалалық сотында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының кейбір ерекшіліктері» туралы Заңы бойынша түсіндіру жұмыстарына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Ж.Абдраманов, судья Ұ.Д.Байжігіт, прокурор О.Жорабеков, жеке сот орындаушылар: Е.Абдирешов, П.Орынбасаров, Т.Алдабергенов, Б.Абдыхалықұлы, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Ж.Амангалиев және адвокаттар: А.Байтереков, Ғ. Бакиров қатысты.
Жиын барысында Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Ж.Абдраманов жиынға қатысушыларға 2022 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойғанын, сондықтан аталған заң бойынша қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа арыз бере алатынына тоқталды. Банкроттық туралы Заң рәсімдердің үш түрін қарастырады. Олар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру екенін жеткізді.
Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Ж.Амангалиев іс-шараға қатысушыларға әуелі азамат тұрғылықты жері бойынша фискалды органға жүгініп, процесті бастайтынын. Сосын мемлекеттік орган қаржылық басқарушыны тағайындап, ол тәуелсіз тексеріс жүргізіп, борышкердің мүлкін сатылымға дайындайтынын. Бүкіл мүлік есептеліп, борышкердің алаяқтыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп болған соң сот басталатынын. Борышердің мүлкі сот шешімімен аукционда сатыла бастайтынын. Мүліктің қалай сатылғанына қарамастан ол пропорционалды түрде және кезек арқылы кредиторлар арасында сатылатынын. Содан кейін барып сот борышкердің банкроттығына қатысты түбегейлі шешімді шығаратынын түсіндіріп, қатысушылардың басқа да қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа заңнама аясында туындаған сұрақтарды ортаға салып, өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар алды.
Қайнар:
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі