“ҰЛТЫМЫЗ ТАҒДЫРШЕШТІ СӘТТЕ ТҰРҒАН ШАҚ…”

809

Референдумды қоғамдық қолдау бойынша бес облыс пен қаланың өкілдері Түркістан облысына жиналды. Сол алқалы жиында жаңарған Қазақстанға қадам басу жайлы жүрек түпкіріндегі сөзімді сөйледім. Жиынға қоғамдық кеңестер мен ардагерлер ұйымдары өкілдері де қатысты. Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы, облыстық қоғамдық штаб төрағасы, Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы өз ойларымен бөлісіп, Референдумның мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ұлтымыз тағдыршешті сәтте тұрған шақта ел Президентінің жанына топтасуға үндеді. Жаңа Қазақстан-жаңарған Қазақстанға сәтті қадам басу идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде, диқандар еліміздегі оң өзгерістерді қолдайтындықтарын сондай-ақ, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.

Қалыйма Жантөреева,
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары