ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

632

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.

Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Шымкентте Д. Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңін жалғастыру үшін Әйтеке би көшесі Амангелді көшесінен Володарский көшесіне дейін жабылды. Қазіргі таңда аталған жердегі тұрғын үйлерді мемлекет мұқтаждығына қайтару шаралары атқарылуда. Ал, сауда нүктелері болса, басқа орынға ауысып жатыр.

Шымкентте Д. Қонаев даңғылының жалғасындағы жол құрылысының ІІ кезеңінің жұмыстары жүруде. Ол үшін Әйтеке би көшесі Амангелді көшесінен Володарский көшесіне дейін жабылды. Нысанды айналып өту мақсатында көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр, Ерманов, Володарский, Бостандық және Өзбек көшелерімен ұйымдастырылған. Жауаптылардың айтуынша, бұл кезең даңғыл жалғасының ең күрделі бөлігі. ІІ кезеңдегі жол құрылысының ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Яғни, Қошқар ата өзенінен В. Терешкова көшесіне дейін, оның қазір 950 метрі аумағында жұмыстар басталған.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстарын жүргізу «КазахДорСтрой» ЖШС-іне жүктелген.

Бұл кезеңдегі жолдың жалпы ұзындығы 6 жолақты құрайды. Жолдың ені – 42 метр. Бүгінгі таңда 700 метр екі бағытты айналма темір жолын, 948 метр кәріз құбырын салу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, 3,4 шақырым кабель желісі, 

24 темір жол электр бағаналары орнатылған. 2 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі салынып бітті.