ТҰРҒЫНДАРҒА СУҒА ШОМЫЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

215

Күн жылысымен суға шомылу кезеңі де басталады. Жыл сайын полиция қызметкерлері қауіпсіздік ережелерімен таныстырса да, адам шығынын болдырмау мүмкін болмай жатады. Салдарынан суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның кесірінен қаншама адам зардап шегеді.

Осы орайда Мақтаарал АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары суға шомылу маусымында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Яғни, шомылу кезіндегі ережелермен таныстырып, аудандарда орналасқан өзендерді жағалап, оның бойында жүрген адамдарға, балаларға ескертулер жасауда. Балаларға жазғы маусымда суда, өзендерде, көлдерде ережені қатаң сақтау керектігі жайлы түсіндірді.

Мақтаарал АПБ қызметкерлері тұрғындарға жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы жауапты екендігін ескерте отырып, келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін оларды қараусыз суға жібермеуге кеңес береді. Суда жүзе алмайтындар үшін, шомылу қашан да қауіпті. Өзіміздің өмір қауіпсіздігімізді сақтайық!