ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫНА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

134

Бүгінде қаладағы шағын аудандарға жаңа қоқыс контейнерлері қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай. Соның ішінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері орналасқан.
Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшасындағы, басты және ішкі орам көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен айналысатын 2 мекеме — «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-і жұмыс істейді.
Қазір «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і қоқыс алаңшаларында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы химиямен жуу, хлорлау, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.