ТАУАР АЙНАЛЫМы 236,6 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ ЖӘНЕ ВЬЕТНАММЕН САУДА-САТТЫҚ НЫҒАЙДЫ

216

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты.

Кездесуде қалалар арасында мәдениет, туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.
Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.

 

ВЬЕТНАММЕН САУДА-САТТЫҚ НЫҒАЙДЫ

Вьетнам инвесторлары Шымкентте бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды.
Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналымы шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан.
Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, инвестициялық жобалар талқыланды.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды.