ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ДЕСТРУКТИВТІ-ДІНИ АҒЫМ ЖАҚТАУШЫСЫНАН ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

226

Түркістан олысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұратын Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, тұрғынның үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп тапты. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс пен полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» және ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары «марихуана» болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.