ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

233

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қоғамдық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп нашақорлықтың таралуын болдырмау, оның зиянын түсіндіру, сондай-ақ есірткіні тұтынудың салдары туралы халықты хабардар ету мақсатында іс-шара өткізді.

Полицейлер Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық аналар мен әкелер алқасының мүшелері қатысқан жиын барысында, есірткі оның ішінде «синтетикалық» заттарды қолданудың теріс салдары, есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертті.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, аталмыш аналар мен әкелер кеңесінің мүшелері облыстың барлық аудандарындағы ата-аналар жиналысына қатысып отырады. Яғни кеңес мүшелері бұл жиналыстарда оқушылар мен ата-аналарға есірткіні қолданудың зияны мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді.