ЗЕЙНЕТКЕРДІ ҚОРҚЫТЫП, ТОНАП КЕТКЕН ҮШ ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

102

Төлеби аудандық полиция бөліміне жалғызбасты зейнеткер тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз үш ер адам үйіне терезесін бұзып, баса-көктеп кірді. Содан жатын бөлмесінен алтын бұйымдары мен екі ұялы телефонын, банк кәртішкелерін жымқырып кеткен.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары аталған хабарламаны алған бойда, күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарда сұрастырылып, жақын аймақтағы бейнебақылау камераларын мұқият тексерді.

Нәтижесінде полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Олар жұмыссыз, бұрын сотты болған жергілікті тұрғындар болып шықты. Анықталғандай, олар қолды болған телефон мен алтындарды сатып, қаражатын бас пайдалары үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.