МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ МАҢЫЗДЫ ШАРА ӨТТІ

124

Бүгін Мақтаарал ауданында Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапардың төрағалығымен жедел-кеңес өтті. Онда полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әдеп нормаларын қатаң сақтау, полиция стандартын қалыптастыру, сонымен қатар қызметкерлерді парасаттылыққа тексеру (integrity check) туралы мәселелер қаралды.

Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі – тәртіп сақшыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және патриоттық сезімін көтеру. Мақтаарал ауданы тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аянбайтын, ел болашағы үшін адал еңбек ететін елжанды азаматтарды тәрбиелеу.

Сонымен қатар полицейлерді қызмет етуге қажетті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, барынша жағдай жасау жайттары талқыланып, басшы құрамға бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиын соңында полиция полковнигі Б.Сапар, жеке құрамды ҚР ІІМ мен Түркістан облысы ПД бастығының нұсқауларына сәйкес уақтылы, дұрыс бағытта қызмет етуге шақырып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.