ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН 3900-ДЕН АСТАМ «КӨКНӘР» ТӘРКІЛЕНДІ

216

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның бірінің үйінен құрамында есірткі заты бар өсімдік егілгенін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер есірткі өсімдігін сақтап, өсіруге күдікті ретінде Қазығұрт ауданының тұрғынын анықтады. Полицейлер аталмыш ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде, оның бақшасынан «көкнәрға» ұқсас 3900-ден астам есірткі түптерін тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктің жалпы салмағы 160 келіден асатын «көкнәр» екені расталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда . Істің толық мән-жайы анықталуда.