Ордабасыдағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Шапағат» әлеуметтік орталығы қызмет көрсетеді

88

Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Шапағат» әлеуметтік қызметтер  көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Орталық аудандағы Темірлан ауылында орналасқан. Орталықта жалпы саны 20 мамандар жұмыс атқарады.   Қазіргі таңда  орталықта  4 бағытта қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде, ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мақсатында спорттық құрал жабдықтармен яғни 5 тренажерлар, 1 массаж аппараты, кітапхана, бильярд, теннис, шахмат, шашки тоғызқұмалақ, тұз шахтасы  бар 221 азаматқа қызметтер көрсетілді.

Орталықта сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай  жасау, өзіне-өзі қызмет ету, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту мақсатында бар  6 тренажерлар 58 азаматқа қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 25 балаға әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп дағдарысқа ұшыраған 11 жәбірленушілерге әлеуметтік психологиялық қызметтер көрсетілуде. Ауыл округтерінен «Шапағат» орталығына күнделікті кестеге сәйкес тасымалдау мақсатында арнайы автокөлік қарастырылған. Жалпы орталыққа келушілерге мереке күндерінде және денсаулықты жақсарту мақсатында түрлі спорттық, меркелік іс-шарлар  өткізілуде.

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шараларды айтып өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 60%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 26%-ы – зейнет жасындағылар, 14%-ы – балалар. Оларды қоғам өміріне араластыру үшін кезең-кезеңімен жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Біріншісі – мүгедектікті белгілеу.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүгедектікті белгілеудің проактивті немесе «сырттай куәландыру» форматына көшуді бастадық. Оның мәні  азаматтың денсаулық жағдайына қатысты ақпарат пен осыған байланысты тіршілік қалыбының өзгеруі жөніндегі дәрігердің қорытындысы медициналық ақпарат жүйесіне енгізіледі. Ондағы ақпарат Еңбек министрлігінің Мүгедектігі бар азаматтар туралы орталықтандырылған мәліметтер базасына келіп түседі. Бұрын базадан оны әркімнің тұрғылықты жеріне жолдайтынбыз.  Енді ешкімнің жеке мәліметін көрсетпей, автоматты түрде үш өңірдің сарапшылар комиссиясына жібереміз. Комиссияның қорытындысы негізінде шешім қабылданып, ол шешім азаматтарға ыңғайлы форматта жолданатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.