Ордабасы ауданындағы мүгедектігі бар адамдарға оңалту шаралары жүргізілуде

95

Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау барысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде ауданда 5782 мүгедектігі бар адам тұрып жатыр, оның ішінде 1 топтағы мүгедектігі бар-473 адам, 2 топтағы мүгедектігі бар -2131 адам, 3 топ мүгедектігі бар-2193 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны –985 адам.

Мүгедектігі бар адамдар абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларына  қаржы қаралып, игерілді. АОЖБ жыл соңына 95%-ға жеткізу жоспарланып, 6 айдың қорытындысымен -74,3% құрады. Жалпы мүгедектігі бар адамдарға қол жетімді орта құру мақсатында 2021 жылға 18 нысан, 2022 жылға  18 нысан, 2023 жылға 58 нысан 2024 жылға 63 нысан  бекітіліп, жоспарға сәйкес 1 шілдесіне дейін 6 нысан бейімдеуден өтті.

Қазіргі таңда балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға үйде арнайы қызмет көрсету бөлімшесінде 19 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 231 мүгедектігі бар күтім жасауда. Үйде оқытылып және  тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға 7500,0 млн мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Ал адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға 7млн 292,4 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, целиакия – асқазан -ішек жолдарының созылмалы ауруларына шалдыққан балаларға 7 млн 676,5 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға 10млн 680,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Бұдан бөлек, созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға 11 млн 962 мың теңге әлеуметтік көмек қыркүйек айында төленеді. Ал, 80 жастан асқан қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге 2024 жылдың 1 шілдесіне 11 адамға 487,3 мың теңге төленді.