Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету маңызды

52

Сауран ауданындағы мүгедектігі бар адамдардың саны- 1578. Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 250 өтініш тіркеліп,  174 азамат құралдармен қамтылды. Одан бөлек, тифлотехникалық құралға мұқтаж  азаматтардан 43 өтініштер тіркеліп,  40 құрал түрімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар,  сурдологиялық көмекке мұқтаж  азаматтардан 17 өтініштер тіркеліп, 17 құрал түрімен қамтамасыз етіліп, қоларба құралдарына мұқтаж азаматтардан 78 өтініш тіркеліп, 72 азамат құрал түрімен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 405 азаматтардан өтініш тіркеліп, 191 азамат әлеуметтік портал арқылы жолдамамен қамтылды. Жалпы ымдау тілі мамандарының қызметіне 15 өтініштер тіркеліп, 12 қызметпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж азаматтардан  852 өтініш тіркеліп,  774 өтініш қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық аумағында әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігі факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, қызметтер мен оңалту құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі проблемасын шешеді, өйткені мүгедек адамдар қажетті тауар мен қызмет түрін өздері таңдай алады.