ТӨЛЕБИЛІКТЕР «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ЖАЛПЫ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

135

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының сәуір айының 6-13 күндеріне жоспарланған бір аптасы аяқталды. «Таза өлке» айдары тағылған бұл аптада Төлеби ауданы тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудан аумағында көшенің сәнін келтіріп, көркін бұзып тұрған жарамсыз ескі ғимараттарды бұзылуда. Көшеге қараған ғимараттар қас беттерін боялып, әктелуде. Қираған шарбақтарды ауыстырылып, жөнделді. Көшеде тұрған ескі техникалар алынып, ағаштың қураған бұтақтары қырқылуда. Көшеттер егіліп, арық-атыздарды реттелуде. Құрылыс қалдықтары шығарылып, баннерлер мен көрнекі құралдары ауыстырылып, сырлануда. Аялдамалар, мемлекеттік әлеуметтік ғимараттар мен алаңдар ретке келтірілуде. Аудан аумағындағы саябақтар аумағын жасыл желекке орау, экологияны жақсартуға бағытталған шарада қарағаш, яссин, каштан, катальпа ағаштарының көшеттері отырғызылуда.

Жергілікті аудан тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жалпы сенбілік өтті. Сенбілікке аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, тазалық шарасына атсалысты.