Спортты дамытуда негізгі үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде

455

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы «Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі» нысаналы индикаторына сәйкес, 2021 жылы 25,1%-ға жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 25,4 % құрап, жоспар орындалып отыр. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы 2021 жылы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында баяндады.

Басқарма дене шынықтыру және спортты дамытуды іске асыру мақсатында негізгі үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды дамыту және жоғары спорт шеберлігі бағытында жұмыстар атқарылуда.