АВТОКӨЛІК БӨЛШЕГІН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

190

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, күндізгі уақытта үйінің ауласында тұрған «Toyata Hilux» маркалы автокөлігінің бөлшегін (насосын) белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнын мұқият тексерді. Куәлардан жауап алынып, жақын аймақтарды жіті бақылады. Іздестіру жұмысының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұрғын анықталып жеткізілді.

Белгілі болғандай, сезікті ер адам есігі құлыптанбаған автокөліктің бөлшегін ұрлап, жәбірленушіге 500 мың теңгеден астам шығын келтірген. Полицейлер айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.