БӘЙДІБЕКТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША САБАҚТАР ӨТКІЗУДЕ

196

Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 15-30 мамыр аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалардың алдын алу, оқушылардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында «Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы бағытта Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шаян, Жамбыл ауылдарында орналасқан орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Жиын аясында полицейлер оқушыларға «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер, сондай-ақ қоғамдық орында, жолдарда кездесетін жол қозғалысы ережелерін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Ал бастауыш сынып оқушыларына бағдаршам мен басқа да жол белгілерін арнайы көрнекіліктер мен бейнежазба арқылы көрсетті.

Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтыны ұғындырылды. Ал оқушылар полицейлерге сұрақтарын қойып, керекті мағлұматтар алды. Айта кетсек, мұндай профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын табады.