КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

140

900-ден астам адам Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылды.

9 адамнан тұратын көктемгі әскерге шақырудың соңғы командасы Ұлттық ұланның әскери бөліміне қызмет етуге аттанды. Жастар Шымкенттен көктемгі шақыру науқанына шақырылған соңғы әскерге шақырылушылар болды. Атап кетсек, ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында Шымкенттен 900-ден астам адам Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылды.

Әскери бөлімдерді жасақтау әскерге шақыру нарядының пропорционалды бөлінуін ескере отырып, аумақтан тыс қағида бойынша жүзеге асырылды. Әскерге шақырылушылар денсаулығына байланысты, олардың физикалық және моральдық-іскерлік қасиеттерін, сондай-ақ әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтарын ескере отырып таңдалды.

Бүгінгі таңда үшінші мегаполистің барлық әскерге шақырылушылары қызмет атқару орындарына келіп, әскери ант қабылдады және әскери мамандықтардың негіздерін игере бастады. Жас толымды жіберер алдында дәстүрлі түрде шығарып салу ұйымдастырылды, ал қызмет атқару орындарында оларды болашақ командирлері салтанатты түрде қарсы алып, жаңа жағдайларға бейімделуге және мерзімді қызмет барысында әскери істі оқытуға көмектеседі.

Қалалық қорғаныс істері департаменті армияда белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілер жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырусыз тегін түсе алатынын ескертіп, сондай-ақ, несиелер бойынша әскерге шақырылушылар үшін тқлемдер 13 айға уақытша тоқтатылатынын айтып өтті.

Ал ағымдағы жылдың 10 шілдесінен бастап қаланың жергілікті әскери басқару органдары 2023 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеуге кіріседі.

Зерделеу әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен, сондай-ақ әскерге шақырылушы жұмыс істейтін кәсіпорын әкімшілігінің өкілдерімен жеке әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады. Жеке әңгімелесу барысында адамгершілік және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене шынықтыру деңгейі, жалпы білімі мен арнайы даярлық, әскерге шақырылушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер нақтыланады.

Әскерге шақырылушыларды сапалы зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, денсаулық сақтау органдарының және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс жүргізіледі.