СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТІП, ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

159

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай өткен  екі күндік спартакиада өз мәресіне жетті. Спартакиадаға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып,  БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Спорттық сайыста журналистер белсенділік танытты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан  командалар жақсы ойын нәтижесін көрсетті. Атап айтқанда, волейболдан «Ернұр пресс» командасы жеңімпаз атанып,«Түркістан баспасөз» командас —  ІІ орын,  «Түркістан TV» командасы — ІІІ орынды иеленді.«Оңтүстік» командасының ойыншысы Асхат «Үздік шабуылшы», «Oninfo» командасынан Мұрат Қалдыбаев «Үздік қорғаушы», «Оңтүстік» командасының ойыншысы Ильяс Жолдас

«Үздік ойыншы»  атанды.

Спорттың теннис түрінен ұлдар арасында:

І орынды — «Түркістан баспасөз» командасы;

ІІ орынды  — «Ернұр пресс» командасы;

ІІІ орынды  — «Түркістан TV» командасы жеңіп алды.

Спорттың теннис түрінен қыздар арасында:

І орынды – «Оңтүстік» командасы;

ІІ орынды  — «Oninfo» командасы;

ІІІ орынды – «Үш таған» командасы ұтты.

Спорттың биллярд түрінен:

І орынға – Ерлан Бейбутбай «Ернұр пресс» корпорациясы;

ІІ орынға – Мұхтар Туреханов «Түркістан баспасөз» командасы;

ІІІ орынға – Асылбек Мейірбеков «Асқаралы» баспасы ие болды.«Ең қарт ойыншы» номинациясына – Пердеш Есенбеков;

«Ең жас ойыншы»  номинациясына – Самат  Мырзалиев;  «Ең үздік мерген» номинациясына – Ержан Утепов;  «Ең үздік ойыншы» номинациясына – Нұрлан Нурбеков лайық деп танылды.

Ал спорттың футбол түрінен:

ІІІ орын – «Ернур пресс» командасына;

ІІ орын – «Oninfo» командасына;

І орын – «Түркістан TV» командасына бұйырды.

Футболдан  «Үздік қорғаушы»  – Отырар телеарнасынан  Давран Абдиев;

«Үздік шабуылшы» – Айғақ телеарнасынан Ақжол Рахманкұлов;  «Үздік қақпашы» – «Оңтүстік» телеарнасынан Алмас Әшірбай атанды.