«DANA BALA» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

348

№73 «Айжан» бөбекжай-бақшасы «Шоғырланған оқыту технологиясын» қолдана отырып, ортаңғы «Радуга» тобының тәрбиешісі Лаура Сальмановна Гильметдинова ойын тәсілімен бөлісті. Тәрбиеленушілердің сюжеттік-рөлдік ойындарды ересектер мен ата-аналардың қатысуымен көрсете отырып, жағдаятқа қарап қарым-қатынас жасай алатындықтарын, қарым-қатынасқа тез түсіп, өзінің ойын анық және дәйекті түрде жеткізетіндігін іс-әрекет барысында көрсете алды.

Технологияны қолдану барысында тәрбиеленушілер құрдастарымен рөлдік қарым-қатынасқа түсу, рөлдік диалог құру, ересектер мен ата-аналардың бақылауында болу қабілетін дамытты, ал ата-аналар жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту шарттарын, тәсілдерін, жолдарын ойын барысында қолдана отырып, бейімделуге көмектесті. Педагог әрбір тәрбиеленушіні бақылай отырып, сөйлеу этикасының түрлеріне көңіл аударып, жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік берді. Ойын кезінде балалар үлкендермен және құрбыларымен әрекетте болды және қарым-қатынас құруды үйренді. Өмір талабына сай педагогикалық технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу, әдіс тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдана білу тәрбиешінің міндеті болып табылады және де жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ойынға деген қызығушылығын арттыруға ыңғайлы жағдай жасау негізгі мақсаттардың бірі екенін көрсетті.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.  Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге  байланысты.