ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

376

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы ғимаратында тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Іс-шараға Полиция департаментінің қала және аудандық полиция бөлімдерінің тергеу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиналған полиция қызметкерлеріне іске қосылған пилоттық жобадағы цифрлық криминалистикалық зертхананың жұмысын түсіндіру тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық кешендерді пайдалана отырып, цифрлық іздерді анықтау, заттай дәлелдемелерді алу әдістері, сараптама мен зерттеулерді тағайындауымен толығырақ таныстырылды.

Семинарда жедел-криминалистикалық басқармасындағы «Полифейс» жеке басты биометриялық сәйкестендіру жүйесінің жұмыс платформасының тиімділігі түсіндірілді.