ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

360

Шымкент қаласы білім басқармасының үздік тәжірибелерін тарату, білім басқармасының білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы жоспарлау мазмұны, педагог кадрлардың құзіреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуда әдістемелік қолдау жұмыстарын көрсету туралы «Жоспарлау және бақылаудағы ең үздік тәжірибе. Жоспарлаудың құрылымы мен мазмұнын жасау принциптері» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» білім сапасын арттыру, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, білім беру қызметін кешенді зерттейтін бірқатар жобалармен таныстырылды.

Аталған шараға Жетісу облысы әдістемелік орталығының директор орынбасары Эльвира Досаева, Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Нурбек Бедеров, Алматы облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Думан Айтбаев және Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары мамандары ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.

Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» білім сапасын арттыру, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, білім беру қызметін кешенді зерттейтін бірқатар жобалармен таныстырылды. Атап айтқанда:

Жаңадан тағайындалған педагог кадрларды дамыту тәжірибесі: «Үздік педагог» антологиясы;

Жас басшыларға әдістемелік көмек беру тәжірибесі: «Менторлық мектеп» жобасы;

Функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесі: «Мобильді мұғалім» жобасы.

Семинар соңында әріптестер кері байланыс жасап, жалпы семинар аясында оң пікірлерін білдірді.