ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН ҚАЗІРГІ ТАҢҒА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

153

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылы 6 айында атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. (оның ішінде: 17 БЖСМ, 3 ЖСШМ, 1 ОРДО, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік диспансер, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 МЖӘ спорт нысандары). Осы спорт ұйымдарында 18 242 спортшымен штаттағы 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 75 түрі дамытылады                              (37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 10 ұлттық спорт түрлері).

2023 жылдың басынан бастап қазыргі уақытқа дейін өткізілген бұқаралық спорттық іс-шаралар.

-«Наурыз» Шымкенттен басталады».

Ағымдағы жылдың 20-22 наурыз күндері аралығында Шымкент қаласының заманауи атшабарының ашылуына және «Наурыз» Шымкенттен басталады атты мерекесіне орай 9 спорт түрлерінен (қазақ күресі, бәйге, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, асық ату, теңге ілу, аударыспақ және тғызқұмалақ) «GREAT QAZAQ GAMES» ұлттық ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Ұлттық ойындарына еліміздің өңірлерінен және шет елдерден жалпы 1000-нан аса спортшылар қатысты. Оның ішінде, Қырғызстан мемлекетінен – 49 спортшы, Өзбекстан мемлекетінен – 37, Монғолия мемлекетінен – 11, Қытай елінен – 9, Ресей елінен – 9, Тәжікстан елінен – 5, Польша мемлекетінен – 3, Сауд Арабия мемлекетінен -2, Түркия елінен – 1 спортшы (шетелдік 126 спортшы) қатысты.

-«Шымкент жастар лигасы».

2023 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500 ден астам команда жасақталып,  6 мыңға жуық бала қатысты.

Салтанатты шарада 1 маусым балалар күніне орай жеңімпаздары марапатталды. Әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.

Шахматтан — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің, волейболдан — А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының, баскетболдан  — М.Х.Дулати атындағы                                  №8 гимназияның, ал, футболдан — Т.Тәжібаев атындағы                                   №47 мектеп-гимназиясының командалары лиганың чемпионы атанды.

2023 жылдың 18 маусым күні Қала күніне орай «Брусья FEST» спорттық бұқаралық фестивалі  және қой көтеру іс-шаралары ұйымдастырылды.

2023 жылдың 17 қыркүйеккүні5000 астам қала тұрғындарының қатысуымен «Шымкент марафон» спорттық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала жасөспірімдері арасында футболдан чемпионат, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, медицина қызметкерелері арасында спартакиада, ұлттық спорт түрлерінен мектеп оқушылары арасында жарыс, құқық қорғау қызметкерлері арасында спартакиада, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада, Шымкент қаласының қыздар арасында футболдан чемпионат өткізу жоспарланып, аталған спорттық іс-шараларға 42 000 қала тұрғындары мен спортшылардың қатысуы күтілуде.

Жоғарыда аталған 2023 жылы өткізу жоспарланған жалпы іс-шараларға 47000 адамның қатысуы жоспарлануда.