ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН» ГАНДБОЛ КЛУБЫ ИТАЛИЯДА ӨТКЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

377
Жуырда Италияның Терамо қаласында гандболдан 50-ші әлем кубогын сарапқа салған жарыс өтті.
Дүбірлі додаға әлемнің түпкір-түпкірінен 8 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Қазақстан Республикасынан Түркістан облысының «Тұран» гандболшылары қатысып, жоғары дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. Клуб басшысы Сабыржан Бульдуруков бастаған тұрандықтар бұл әлемдік додаға алғаш рет қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.
Жарыс қорытындысында барлық қарсыластарынан басым болған Тунис елінің құрамасы жеңіс тұғырының ең биігінен көрінсе, екінші орынды Түркістан облысының «Тұран» командасы иеленді. Ал, қола жүлдеге Италия құрамасы қол жеткізді.
Жүлдегер атанған жерлестерімізге алдағы жаңа маусымда жаңа белеске қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін деген тілек білдіреміз.