ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТҰРМЫСТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САТҚАНДАРҒА ЗАҢ АЯСЫНДА ШАРА КӨРІЛЕДІ

155

Ғасыр дерті не айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болып келеді. Шымкентте бұл бағытта жауапты мекемелердің бірлесе әрекет етуімен түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі, Қаратау ауданы әкім аппараты қызметкері мен Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПқБ УПИ полиция өкілдерінің  қатысуымен «Diamond Рlaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жауапты мамандар жеке кәсіпкерлерге адамның санасына кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті. Сондай-ақ, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде жеткізді.

Айта кетейік, бұндай әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 423-бабында көрсетілгендей  (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) жауапкершілікке тартылады.

Есірткісіз болашақ!  Есірткі…  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда  есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін  жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда.                                                                                     Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі.

Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

Жалпы айтқанда, есірткі заттары  деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Есірткі дегеніміз адамның орталық  жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.

Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалимлевини.

Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады.   Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық жазасыз  болмайды. Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға,есірткінің  құлына айналады.