«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ САМАУЫРЫНДАР КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫНАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Көрмеге ХІХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі пайдаланылған самаурындар, шоқ самаурыны, тіпті керосинмен қайнайтын түріде қойылған.
Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыстан, түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен.
Шығыс халқына тән самаурындар – құман самаурындар. Бұлар орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Құман-самаурынға қарап, самаурындардың әр елде әр формада болғанын байқауға болады. Берекелі өмірді салсерілік дәстүрлі көрмеде сопақ, банка тәрізді, үлкені де, кішісі де, барлық түрі бар.
Естеріңізге салсақ 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашқан болатын.
Кешен қызметкерлері өлкеміздің мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музей заттары арқылы мәліметтерді жинақтап тарату, халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеп, көрнектері мен көрмелері арқылы жеткізуде ғылыми зерттеу, жинақтап іріктеу, экспозициялық, әдістемелік, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет көрсету жұмыстарын атқарып келеді. Мысалы, «Археологиялық қазба деректемелеріне сәйкес «Шымкент қаласының тарихы», «Көне Шымшаһардың тарихындағы Ұлы Жібек жолының маңызы», «Ежелгі шығыс базары», «Тарихи тұлға тағлымы», «2200 жылдық тарихы бар Шымқала сыр шертеді», «Орағасырлық Шым қала керуені», «Музейдегі түн», «Ежелгі Шымқаладағы қолөнердің дамуы», «ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымқала», «Экскурсия саласындағы инновациялық жетістіктер» байқауы, «Жәдігерлер сыр шертеді», «Тарихты білу ұрпаққа парыз» квест-ойыны, «Ортағасырдағы көне Шымшаһар», «Зергерлік мол мұра», «Шымқала қазақ хандығы тұсында» және тағы да басқа іс-шаралар өткізілген.
Айта кетейік, мегаполистегі «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізіп отыр.