“ТӨРТ АДАМ, БІР “МАДАМ”

797

“ТӨРТ АДАМ, БІР “МАДАМ”

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов бір топ қаламгерлерді “Манкент”
шипажайына демалыс сыйлады. Сөйтіп, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ағаларының амандығын білмекке бір топ нөкерлерімен шипажайға келеді. Қалалық денсаулық басқармасының басшысы Бақытжан Позилов дастархан жайып жүріп, “Көпен аға қанша адам демалып жатырсыздар”-деп сұраса, “Төрт адам, бір “мадам” демалып жатырмыз” деп жауап қатыпты. Көпен ағаның айтқысы келген төрт адамы Мекемтас Мырзахметов, Мархабат Байғұт, Байдулла Қонысбек, Көпен Әмірбекте, бір “мадамы” ақын Ханбибі Есенқарақызы ғой. Қазақтың мақтанышы болған сол төрт адам мен бір “мадамға” құдай қуат берсін!

Ерсұлтан Әмірбек