«ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛДЕНБЕЙ БОЛМАЙДЫ…»

352

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билікке халықтың әлеуметтік жағдайына айрықша  мән беруді, тұрғындарды толғантқан түйткілдерді жеделдетіп шешуді жүктегенін білеміз. Соның бірі-интернет желісін жетілдіру екені рас. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 2021 жылы аудан аумағында мобильді және оптикалық интернет желісімен қамту үлесін жоғарлату мақсатында Сәуле ш.а. 2610 тұрғын үйді қамтитын интернет желісінің базалық станциясы орнатылды.

Сонымен қатар, 2022 жылы интернет сапасы төмен 195, 275, 276 орамдағы 1212 тұрғын үйді қамтитын базалық станция орнатылды.

Бұл бір мәселе. Екінші-аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді назарға алу. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 2022 жылы көп балалы аналар саны – 5 164 болса, олардың 439 «Алтын алқа» және 1 300 «Күміс алқа» иегерлері, жыл басынан бері 31 «Алтын алқа» және 109 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталып, 150 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттауға ұсыныс хаттар жолданды.

2022 жыл басынан 6 042 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 5 569 отбасы «Мұқтаж» деп танылса, (8,5%) яғни 473 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылды.

2023 жылдың І-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алуға 1884 отбасы тапсырды, оның ішінде «Мұқтаж» танылса, 1813 (4%) яғни 73 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылды.

А.ж. басынан бері 10 «Күміс алқа» төсбелгісі табысталып, жалпы 25 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттауға ұсыныс хаттар жолданды.

Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде  едәуір халық баспана мұқтаждығын шешуде. Әл-Фараби ауданы аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйлердің 40% ескірген үйлер болып табылады.

2011-2021 жылдары аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы 141 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2022 жылы 9 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Аудан аумағында 46 көп-қабатты тұрғын үйде 110 лифт жұмыс жасайды.

Қазіргі таңға дейін жалпы 27 лифт (22 лифт мемлекеттік бағдарлама аясында және 5 лифт демеушілер тарапынан) жаңартылған. Ал, 65 лифтінің жағдайы орташа, ал 18 лифт жөндеуді қажет етеді.

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасымен бірлесіп, ескірген лифтілерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

2023 жылы 4 көпқабатты тұрғын үйдегі 10 лифт қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Шымкент қаласында әлеуметтік мәселелер оңтайлы шеліліп, халықтың әл-аухаты әлдене бастаса, мемлекеттік бағдарламалардың межелі жоспарының жүзеге асқаны деп ұғамыз.

«Ара-ақпарат»