«САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ӘКІМДЕР НАЗАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕ..»

214

Әкімдер бәріне жауапты. Кез-келген мәселе бақылауында болуы тиіс.  Қоғамның тыныштығынан бастап, санитарлық тазалық пен көгалдандыру мәселесінде де әкімдер жауапты қызмет атқарады. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, көлеміне қарай 7 секторға бөлінгенін айтады. Әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Ішкі орамдағы аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.» ЖШС-іжәне «Жасыл Ел» ЖШС-і айналысуда. Аталған мекемелер аудан аумағындағы 273 ішкі орам көшелерін және 623 ауланы (926 көп қабатты тұрғын үй) санитарлық тазалау жұмыстарын атқарылуда-дейді ол.

Оның ішінде атқаратын жұмыс түрлері:

— Жасыл аумақтар мен ішкі орам жолдардағы қоқыстарды тазалау

-Жиек тастар жанын тазалау

— Аяқжолдарды тазалау

— Көк алаңдарды тырмамен тазалау

— Ирригациялық арықтарды тазалау (көктем, жаз, күз)

— Ирригациялық арық жанын тазалау

— Жауған қарды тазалау

— Инертті заттарды қолмен себу

— Қоқыстарды қолмен арту

— Қоқысты қоқыс полигонына тасымалдау-дейді аудан әкімі Рашид Мыңбаев.

Сонымен қатар, жалпы аудан аумағындағы қураған және апатты ағаштарды қырқу, шөп ору, жасыл желектерді қырқу, ағаштарды әктеу жұмыстарына 148,0 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сенімді құрылыс» ЖШС өз жұмысын бастады. Бәрінде өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Тұрғындардың қоқыс тастамауда өз мәдениетін арттырғаны абзал. Қоршаған ортаның тазалығы бәрімізге  ортақ дүние, тазалыққа жауапкершілікпен қарағанымыз абзал -дейді аудан әкімі Рашид Мыңбаев.

Аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері бар. Әл-Фараби ауданы халықтың орналасуына байланысты 7 секторға бөлінген. Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшаларын, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен айналысатын 2 мекеме бар. «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-тарапынан кестеге сәйкес, тәулігіне 1 рет, кей жерлерде (халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда) тәулігіне 2 реттен қоқыстар тазартылуда. Тұрғындардың қоқыс тастамауда өз мәдениетін арттырғаны абзал. Қоршаған ортаның тазалығы бәрімізге  ортақ дүние. Қаланың тазалығын бірге сақтай жүрейік.

«Ара-ақпарат»