Кәсіпкерлер балабақшаның 180 қызметкерінің құқығын қорғауды сұрайды

111

Түркістан облысының білім басқармасының шешімімен мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру тоқтатылғандықтан 180 жұмыс орны қысқару алдында тұр.
Осындай шағыммен Мақтаарал ауданының 11 балабақшасының құрылтайшылары Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді.
Кәсіпкерлердің шағымы «Бизнес жол» жобасы шеңберінде облыстық кәсіпкерлер палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және білім басқармасының өкілдерімен қаралды.
Нәтижесінде, 11 кәсіпкердің өтініштері қанағаттандырылып, бала-бақшаларды қаржыландыру жалғасатын болды.
Осылайша, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.