ТҮРКІСТАНДА ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНЕ АТТАНҒАН ЖАС САРБАЗДАР САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛЫНДЫ

Бүгін Түркістан облысының жинақтау бекетінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Дильмурад Абдурашитович Нұржанов, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша ҚР Қарулы Күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы Бабай Тәңірбергенұлы Алдабергенов қатысты.
Алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы жас сарбаздарға ізгі тілегін білдіріп, Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, елге аман-есен оралуға шақырды.
Айта кетейік, жас сарбаздар алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады. Бүгін Түркістан облысынан 36 азамат әскери қызметке салтанатты түрде аттандырылды.















