2023 ЖЫЛЫ 6 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП 5 893 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ.
Ауданның елді мекендері толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.
2023 жылы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, жалпы 5 893 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
Одан бөлек аудандық бюджет есебінен 10 дана трансформатор орнатылып, 6,4 шақырым электр желілері жаңартылды.
Сонымен қатар, 4 жобаға 2023 жылы жалпы 283 271,0 мың теңге қаржы қаралып, 18,056 шақырым электр желілері және 8 дана трансформатор орнатылды. Нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылға арналған міндеттер:
14 елді мекеннің (Бөген, Елшібек, Төрткүл, Қызылжар, Бадам, Дербес, Ақбұлақ, Мамыр, Ұялыжар, Теспе, Ынтымақ, Қайнар, Темірлан және Шұбар) жаңа құрылыс аумақтарын электрмен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп, (жоба құны 1 344 049,0 мың теңге) салалық басқармаға ұсынылды. Қолдау тапқан жағдайда 3 336 тұрғын сапалы электр қуатын пайдаланатын болады.