«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА С.ЫСМАЙЛОВ МЕКТЕБІ 334 МЛН ТЕҢГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
Білім беру саласы бойынша ауданда 72 мектеп жұмыс жасайды. Оқушы саны 37 502, 2022 жылмен салыстырғанда 159 оқушыға артты.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі 334 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Е.Ерназаров атындағы орта мектебінің күрделі жөндеуіне 2023 жылы 428 млн. 322 мың теңге бөлінді. Жалпы құны 714 млн. теңге. Жұмыстар 2024 жылы аяқталатын болады.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда.
Жоба шеңберінде, аудан аумағында 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Аталған мектептерге инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге жалпы құны 689,1 млн теңгеге ЖСҚ әзірленген, Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ақбұлақ ауылынан 300 орындық мектептің инфрақұрылымының құрылысына 124 млн. 804 мың теңге бөлінді.