ҚАЛА КӨРКІ — ТАЗАЛЫҚ

178

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАНАШЫР АЗАМАТТАР  ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдіктерінің мен қалалық басқармалардың,  жекеменшік ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері,  кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысып, шаһардың тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Мәселен, Еңбекші ауданында сенбілікке қатысушылар қоғамдық орындарды, көше бойларын, аялдамаларды, аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды қоқыстан тазалады. Арық-атыздардың іші тазаланып, ағын судың келуіне әзірленді. Ағаштардың жаз бойы қураған бұталары оталып, жасыл желек ретке келтірілді.

Осынау ауқымды жұмысқа «Еңбекші» КММ-інің 123 жұмысшысы, аудан әкімі аппаратының 70 қызметкері, «Группа Интеко» серіктестгігінің 250 жұмысшысы мен 23 техникасы, «Жасыл Ел» компаниясының 32 жұмысшы мен 4 техникасы қатысты.

Сонымен қатар Еңбекші ауданы тұрғындары мен кәсіпкердің арасынан табиғат пен қоршаған ортаға жанашыр 700 ынталы азамат сүйікті қаламыздың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ КӨПҚАБАТТЫ 65 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бүгін Әл-Фараби ауданы Теріскей шағын  ауданында көпқабатты 65 үйдің ауласында сенбілік өтті.

Тазалық шарасына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, «Әл-Фараби» КММ,  «Жасыл ел», «Сенімді Құрылыс» секілді мердігер компанияларды жұмысшылары қатысты.

Олар Теріскей шағын ауданындағы  көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе отырып ирригациялык арықтар, аулалалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазартып, ағаштардың сынған бұталарды шығарды және  қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарын сырлады.

Әл-Фараби ауданында сенбілікке 7 техника, 115 жұмысшы қатысты. Аудан әкімдігі алдағы уақытта осындай сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табатынын хабарлайды.

Қыркүйек айының алғашқы сенбі күні шымкенттіктер қала аумағын тазалауға кірісті. Сүйікті қаламыздың экологиялық ахуалы мен тазалығына бейжай қарамайтын жанашыр азаматтар аталған шараға белсенді түрде қатысты.

Атап айтар болсақ, Абай ауданы аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтар тазаланды.

Бұл жұмысқа «Абай» КММ-інен — 120 адам, аудан әкімі аппаратынан 75 қызметкер және 500-ден астам тұрғын атсалысты.

Қаланы көріктендіру жұмыстарына 14 арнайы техника да  тартылды.