«АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, көпбалалы аналар, түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Іс-шараның шымылдығы Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры әртістерінің қатысуымен қойылған «Ана – өмір шуағы» атты әсерлі прологпен ашылды. Сонымен қатар «Яссы» және «Әгугай» би ансамбльдерінің қатысуымен сахналық қойылым ұсынылып, заманауи 3D бейне және жасанды интеллект көмегімен дайындалған көрнекі контент көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік бағдарлама барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы ерекше рөлі мен олардың ел дамуына қосар үлесін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар аналар мен нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.
Мерекелік кеш ән мен биге ұласып, Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары — Еркін Нұржанов, Бақытжан Мұстафаев, Асан Пердешов, Сырым Исабаев және өзге де өнерпаздардың ән шашуларымен жалғасты.















