БІЛІМ ОРДАСЫ — 100 ЖАСТА
Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде және ЕҚЫҰ ОБСЕ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғары комиссарының қолдауымен 2023 жылдың 28-29 сәуір күндері Ю.Сареми атындағы №107 мектеп – лицейінің 100 жылдың мерейтойына орай «Көптілді білім беру: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында Халықаралық ғылыми – практикалық конференция болып өтті.
Конференцияға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, сонымен қатар, Өзбекістан, Тәжікстан, Қырғызыстан, Латвия, Литва, Эстония елдерінен қонақтар қатысты. Конференция екі күн: бірінші күні — 28.04 – оқу – тәрбие үдерісінде, екінші күні – 29.04 – тәрбие бағытында ұйымдастырылды. 28.04 күні – өткізілген пленарлық отырыстың 1 — сессиясында – Шымкент қаласының құрметті азаматы, Білім саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Философия докторы, Ресей Федерациясы Санкт-Петербургтегі «Психология және менеджмент» академиясының академигі Нышан Байғұтов, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рақымберды Мүлкеманов, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалы директорының инновациялық бөлімі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Ахтаев, ЕҚЫҰ ОБСЕ сарапшысы Анастасия Стоянова, Өзбекістан көркем сурет академиясының академигі, Камолиддин Бегзод атындағы ұлттық суретшілік және дизайн институтының профессоры, Өзбекістан халық суретшісі Файзулла Ахмадалиев, ЕҚЫҰ ОБСЕның аймақтық менеджері Гюльназ Саирова, Қазақстан өзбектері «Дустлик» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжановтар құттықтау сөздерімен қатысып, мектептің Республикамыздың танымал мектептер арасында болуына үлкен үлес қосқан жанашыр басшысы Нуралиев Бахадир Усманалиевичке, мектептің инновациялық жұмысына үлес қосқан барлық ұстаздарды 100 жылдық мерейтоймен құттықтап, өз алғыстарын білдірді.
Конференцияның пленарлық отырысының 2-сессиясында мектеп директоры Б.Нуралиев, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Маккамбаева, М.Әуезов атындағы ОҚ университетінің профессоры Н.Алметов «Көптілді білім беру: мектеп тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамаларымен, директордық оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Мирхайдаров мектептің тарихы бейнеленген «Алтын ұя мектебім – 100 жаста» атты мектептің тарихи кітабының тұсаукесерін жасады, мектептің бүгінгі күнде өмірде өз орнын тапқан табысты түлектері Өзбекістан Республикасы халықаралық экология, гуманитарлық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Өзбекістанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты К.Шадиметов, Гумилев атындағы Ұлттық университет түлегі, GEO “Hayla Kazakhstаn” А.Нуралиев, “Nefis group” компаниясының директоры М.Убайдуллаевалар мектептің 100 жылдың мерейтойымен барлық ұстаздарды құттықтады.
Пленарлық отырыстың 3 –сессиясында қонақтар тарапынан баяндамалар тыңдалды. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы КИМЕП университетінің профессоры Ж.Смагулова, Қазақстан педагогикалық ғылымдарының академигі М.Юнусова, Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалы директорының инновациялық бөлімі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Ахтаев, Алматы қаласы ұйғыр тілінде оқытылатын А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры Ш.Умаров, ҚР Мақтарал ауданы тәжік тілінде оқытылатын С.Айний атындағы №55 мектеп директоры, ҚР тәжік этномәдени орталығының төрағасының орынбасары Ш.Бабаев, ҚР EduStream компаниясының әдіскері, эксперт – оқытушысы, ТКТ сертификатының жүлдегері Э.Байменова, Өзбекістан Республикасы Андижан мемлекеттік университеті өзбек тілі мен әдібиеті кафедрасының профессоры М.Тажибаева, ҚР EduStream компаниясының әдіскері, гуманитар пәндерінің магистры, ТКТ сертификатының жүлдегері А.Нұрсеит, Түркістан облысы маслихатының депутаты, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Б.Нишонкуловтар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптасуында көптілді білім берудің рөлі бағытында «Көптілді білім берудің жетістіктері, даму жолдары» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның екінші бөлімінде мектептің тәжірибелі ұстаздары тарапынан 12 ашық сабақ, 9 «Шебер сынып», 8 «сыныптан тыс іс-шаралар», конференцияның қорытынды бөлімінде өткізілген «Бірлігі жарасқан елміз» тақырыбындағы концерттік бағдарлама барлық конференция қонақтарының көңілінен шығып, жоғары бағаланды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан барлық ұстаздар Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Әдістемелік орталық директоры М.Медетбекова, Оқу – салалық орталық директоры Г.Ахметбекова, ПШО – ның Шымкент қаласы филиалының директоры Ж.Калгинбаева, Шымкент қаласы маслихаты Б.Нарымбетов, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Р.Мүлкеманов және тағы басқа құрметті азаматтардың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Ғылыми-практикалық конференцияның 2-күні – 29.04 – мектептің дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында үлес қосқан, бүгінгі күнде өмірден озған ұстаздарды еске алу, жас ұрпақтың ұстазға құрмет, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында құрылғын «Ескерткіш самалжайының» ашылу салтанаты өтті.
Ю.Сареми атындағы N107 мектеп-лицей әкімшілігі мектептің 100 жылдық мерейтойына орай «Көптілді білім беру: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуіне өз үлесін қосқан Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тажиеваға, Әдістемелік орталық директоры М.Медетбековаға, әдістемелік орталық әдіскері Н.Корганбаеваға, ЕҚЫҰ ОБСЕ эсперті А.Стояноваға, ЕҚЫҰ ОБСЕ менеджері Г.Саироваларға өз ризашылығын білдіреді.