ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ САТЫП АЛУ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚР ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілермен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру ережесіне сәйкес, 2023 жылдың сәуір айының 10-нан бастап Қазығұрт ауданының полицейлері тұрғындардан «заңсыз қару жарақтар және оқ-дәрілерді сатып алу» бойынша кезекті акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтармен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау. Жалпы, алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты сыйақы тағайындалады. Сыйақы төлеу барысында алдымен қару-жарақтың жарамдылық деңгейі ескеріледі.
Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сондай-ақ акция кезінде тұрғындардан 4 дана қару қабылданған.