ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЖӘНЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

144

Облыс прокуратурасында жеке құрамның қатысуында Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараның ашылуында облыс прокурорының міндетін атқарушы Данияр Сыздықов мерекенің маңыздылығына тоқталып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерге тағзым ету қазіргі ұрпақтың басты міндеті болып табылатындығын аттап өтті.

Сонымен қатар облыс прокурорының аға көмекшісі — кадрларды дамыту тобының басшысы Абзал Қыдырбай мерекеге байланысты баяндама жасап, өңірден майданға аттанған сарбаздардың, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Д.Төлегенов, Ә.Файзиев, Ә.Битасов, Ә.Есжанов, Б.Есжанов, Ш.Абдуллаев, В.Поданев, Ә.Көптаев, А.Сахов, С.Кенжебаевтың ерліктеріне тоқталып өтті.

Оңтүстік өңірінен соғысқа өз еркімен аттанған сарбаздар саны көп болды, оның ішінде тағдыр тәлкегімен Ақтөбеден бұрыңғы облыс орталығы Шымкент қаласына еңбет жасауға келген Сейітов Өтеген Сейітұлы майданға аттанды.

Ө.Сейітов Румыния, Болгария, Югославия, Австрия, Венгрияны азат етуге қатысып, соғыстың жеңісті күнін Вена қаласында қарсы алды.

Соғыстан кейін бейбіт өмірдегі еңбек жолын Келес аудандық прокуратурасында халық тергеушілігенінен бастап, қызмет баспалдағымен көтеріліп, Қазақ КСР прокуратурасын 18 жыл басқарған.

Ө. Сейітовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, оның есімін ұмытпау мақсатында 2023 жыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» деп жарияланған, оның есімін өскелең ұрпаққа ұлықтау маңызды болып табылады.

Салтанатты іс-шарада заңдылықтың сақталуына елеулі үлес қосқан прокуратура қызметкерлеріне сыныптық шендер, ведомствалық наградалар табысталды және Бас прокурордың, облыс прокурорының алғыс хаттары берілді.