ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КҮРДІ ХАЛҚЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ

158

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай «Татулық-достық тірегі» атты іс-шара ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары ұлттар арасындағы тығыз қарым-қатынастың белгісі ретінде, ішкі істер саласының ардагері, зейнеткер Махамбет Махмуттың, яғни күрді ағайындардың шаңырағына барды.

Кездесуде еліміздің бірлігін нығайтуда өзге ұлт өкілдерінің де еңбегі бары ескеріліп, ауызбіршілік, ынтымақ туралы тарихи оқиғалар, ғибратты әңгімелер айтылды. Сондай-ақ полицейлер күрді ұлтының салт-дәстүрі, ұлттық киімі, ұлттық тағамдарымен танысты.

Шара соңында мұндай керемет кездесу ұйымдастырған полиция қызметкерлеріне зейнеткердің отбасы шынайы ризашылықтарын білдіріп, мерекемен құттықтады.