МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ТҮЛКІБАСТА ЖАЛҒАСТЫ

185

Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Мәңгілік ел» және Болашағы Біртұтас Ел жалпыұлттық патриоттық идеясының базалық құндылықтары негізінде қоғамды біріктіру тұжырымдамасын іске асыру іс-шарасы өтті.

Яғни мұндағы мақсат- ішкі істер органдары қызметкерлерінде патриотизм, жоғары мәдени өнегелі құндылықтарды арттырып, Қазақстанның көпұлтты халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеу.

Мәдениет үйінде өткен мерекелік жиында «этносаралық және конфессияаралық» келісім тақырыбында семинарлық дәрістер ұйымдастырылды. Жиналғандар қазақ елінің береке-бірлігі, ынтамағы үшін бір-біріне алғыс айтып, құттықтау тілектерін білдірді.