ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕУ – ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҚИЯНАТ
Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін ақы төлемеу фактілері жиі кездесіп жатыр. Бұл кейбір көшелер мен аулалардағы қоқыстың уақтылы шығарылмауына және қаланың ластануына әкеп соқтыруда.
Ресми мәліметке сүйенсек, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындардың барлығы қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшарт жасасқан. Алайда, жергілікті аудан әкімдіктері мен компания өкілдері халық арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп отырғанмен, бұл қызметке төлем уақытылы төленбейді.
Бүгінде Шымкент қаласындағы 5 ауданның әрқайсысындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару үшін ақы төлемейтін және қарызы ең көп тұрғын үйлердің тізбесі жасалынды.
Абай ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер:
— Тұрлан шағын ауданындағы Есенов көшесіндегі №636, №637, №638 үйлер. Тұрғындардың 62 пайызы төлемеген. Берешегі — 1 458 000 теңге.
— Қызылжар тұрғын алабындағы Фабричиный көшесіндегі №14 үй. Тұрғындардың 61 пайызы төлемеген. Берешегі — 462 мың теңге.
— Шымсити шағынауданындағы №39 тұрғын үй. Тұрғындардың 22,4 пайызы төлемеген. Берешегі — 1 177 410 теңге.
— Ақжайық шағынауданындағы №41 тұрғын үй. Тұрғындардың 15,1 пайызы төлемеген. Берешегі — 1 388 359 теңге.
Еңбекші ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер:
— Елшібек батыр көшесіндегі №114 үй. Тұрғындардың 70 пайызы төлемеген. Берешегі — 303 775 теңге.
— Елшібек батыр көшесіндегі №116 А 80 үй. Тұрғындардың 40% пайызы төлемеген. Берешегі — 183 794 теңге.
-Ш.Уәлиханов көшесі №184 үй. Тұрғындардың 30% пайызы төлемеген. Берешегі — 130 234 теңге.
-Ш.Уәлиханов көшесі №186 үй. Тұрғындардың 45% төлемеген. Берешегі — 170 881 теңге.
Қаратау ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер:
— Нұрсат шағынауданындағы №135а, №125,127,130,134а №135б,№221, №23, 164,167,197,204,216,217 үйлер. Тұрғындардың 35-40 пайызы төлемеген. Берешегі 5 258 485 теңге.
Әл Фараби ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер:
— Нұрсат-1 шағынауданындағы №125,127,130,134А,135А,135Б,135В,164,167,197,204,216,217,218,221,238,94 үйлер. Берешегі 5 258 485 теңге.
Нұрсәт тұрғын алабындағы №101,106,109,112,113,114,117,118,145,148,150 үйлер. Берешегі – 7 490 382 теңге.
Тұран шағынауданындағы берешегі бар үйлер:
№9/4,9/6,21А,21Г,21/6,21/8,21/9,979/11,979/15,979/16,979/17,979/18,979/9 үйлер. Берешегі — 2 469 789 теңге.
Мамандардың айтуынша, қалада көше бойларын, аулаларды, саябақтар мен өзге де қоғамдық орындарды тазалау, күтіп ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін ақы төлеу қолданыстағы заңнама бойынша тұрғындардың міндетіне жатады.
Расында, қала тазалығы – халықтың мәдениеттілігінің өлшемі десек, қаланың таза болуы, ең алдымен, тұрғындардың жанашырлығы мен жауапкершілігін қажет ететінін ұмытпауға тиіспіз.
«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»