ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

139


Кентау қаласында 2023 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 14,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.
Қазіргі таңда қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Камалов, Көктерек, Әзірбаев, Геологическое, Құрманғазы-2, Тынышбаев, Мұратбаев-2, 66 квартал, М.Өтемісұлы, Қажымұқан, Ш.Айманов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ал қалған 6,6 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар қазан айының 20 жұлдызына дейін толық аяқталатын болады.Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен Қ.Ясауи даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің аралығындағы Төле би көшесінің 480 метр жеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жолдың негізі әзірленіп, жарық бағаналары орнатылған. Көше қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі