ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

364

Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. Президент Қ. Тоқаев бұл мерекенің маңыздылығын осылай айқындады. Шын мәнінде бұл мейрам еңбек мәдениетінің ұмыт болған дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған, әрі жас ұрпақты еңбекті бағалауға тәрбиелейді. Сауран ауданында да бұл мереке аталып өтті. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірқатар еңбекте бағы жанған азаматтарға құрмет көрсетті.

«Еңбек — өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.

Шара барысында аудандық апдагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов еңбек ардагерлерін марапаттап, жылы лебізін білдірді. Еңбек адамдарының құрметіне мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі