МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

151
 Бірлескен отырыста бір мәселе қаралды. Депутаттар Сауран ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров баяндады.
 2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 8 млрд. 999,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 млрд. 390,4 млн.теңге көлемінде бекітілген. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен 1 млрд. 777,9 млн. теңгені құрап, жоспар 116,5%-ға немесе 251,3 млн. теңгеге артығымен орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге жоспарланған 5 млрд. 805,3 млн. теңге 99,5 пайызға игерілген. Ал жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артқан.
 Мұнан өзге ауылшаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс жұмыстарында да өткен жылмен салыстырғанда өнімді тірлік бар. Ауданға тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өскен. 7 айда инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгені құраған. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд. 491,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен. Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 млн. теңгеге жуық жеңілдетілген 6%-дық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылғы 2 073-тен бүгінгі таңға 6 901-ге жетті немесе 4 828-ге өсті. Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артқан. Сонымен қатар, әлеуметтік, коммуналдық салаларда да өсім бар.
 Баяндамадан кейін депутаттар өз тараптарынан сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптарын алды. Атқарылуы кешеуілдеген жұмыстар да қызу талқыға салынды. Ертең аудандық мәслихаттың кезекті VII сессиясы өтеді.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі