АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ VII СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Сессияда он бес мәселе қаралды. Бұған дейін дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері депутаттар алдында есеп берген болатын. Аудандағы күрмеуі қалың мәселенің түйіні тарқатылып, шешілу жолдарын депутаттармен бірге талқыланған еді. Кешегі бірлескен комиссия отырысында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды.
Бүгінгі сессия отырысында халық қалаулылары берілген есепті қалыс қалусыз бірауыздан қабылданды. -Құрметті депутаттар, сіздер жас ауданның іргесін нығайтуда жасаған жұмыстарыңыз тарихта қалары сөзсіз. Алдағы уақытта да ауданның еңсесін бірлесіп көтереміз деген сенімдемін,-деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев. Халық қалаулылары да бірауыздан мақұлдасты.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі