АЭС жобасы: Неден ұтып, неден ұтыламыз?

194

Президент жолдауында «Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден құқымыз бар.

Қазақстанда АЭС салуға көпшілік қарсылық білдіруде. Себебі өте зиян дейді. Ал жыл сайын электр энергиясы мен жылу алу үшін жанып жатқан көмір мен мұнайдың қаншалықты зиян екендігін ел біле бермейді. Қазақстан уран өндірулен әлемде алғашқы орында, уран қоры бойынша басқалар шаңымызғада ілеспейді. Неге өзіміздің уранды пайдаланып тұрақты энергия көзін алмасқа, неге уранды шикі зат ретінде ғана сатуымыз керек? Дайын энергия ретінде сатсақ бірнеше есе пайда алып келері анық. Әлемнің озық елдерінің дерлік барлығында АЭС бар, ал көпшілігінде уран жоқ. Сылтауымыз сол баяғы Черноболь апаты. Ал сол Украйн елінде дәл қазір жұмыс жасап тұрған 5 АЭС бар. Біз осылай айтысып-тартысып жүргенде іргемізде жатқан Өзбек ағайындар АЭС салуды бастап кетті.(ақпаратқа сенсек шекараға өте жақын) Олар ақымақ та, біз ақылдымыз. Европпа мен Шығыс азия елдірінің торғай қонатын бос жерлері жоқ елдерінде бірнеше АЭС жұмыс жасап жатыр. Ұлан байтақ даламызда ел тұрмайтын аумақтар өте көп, тіптен жүздеген шақырым жүрсеңде бір елді мекен кещдеспейді. Осы бос жатқан жерлерге АЭС салда өзіңнен шығып жатқан уранды тиынға емес, энергия өндіріп бірнеше есе қымбатқа сат. Қажетінше өзіңе жарат. Әлеуметтік желіде отырып алып ана жерде свет жоқ, мына жерде свет жоқ дей бермей. АЭС салуды қолдауымыз керек. Тек қана қолдау емес, дұрыстап салынуын қадағалау керек.

Ғани Назарбек
Эколог. «Байтақ» жасылдар партиясының саяси кеңес мүшесі