Шымкентте алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

421

Шымкент қаласында биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Осы уақыт ішінде 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Есепті кезеңде ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты, құс 975,6 мың басты құрап отыр.

Қалада жануарларға аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы 1 508 815 басқа ауыл шаруашылығы жануарларына екпе егілді.