Шымкентте 60 мың тонна ауылшаруашылығы дақылдары жиналды

74

Шымкент қаласында биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен.

Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.