КЕСЕНЕГЕ ҚАТЫСТЫ КЕШЕНДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

141

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Әкелер институтын дамыту және әкенің отбасылық тәрбиедегі рөлін арттыру туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасындағы балаларға көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек баяндама жасады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбековтің мәлімдеуінше отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау сынды міндеттерді шешуде аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан 2021 жылдың қыркүйек айында «Әкелер кеңесі» құрылған. Аталмыш кеңеске білім саласындағы ардагер ұстаз, бірнеше жылдар бойы мектеп директоры қызметін атқарған Жұмағали Бекмурзаев басшылық жасайды.

Әкелер мектебін құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, оқу орындарына көмек көрсету және балалардың қауіпсіздігін сақтауда кеңес тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.

Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, аталмыш комиссия хатшысы, аудан әкімі аппараты ұйымдас-тыру бөлімінің бас инспекторы Айжан Канетова хаттамаға түсіріп, алдағы уа-қытта бірлесіп жұмыс жасауға уағда-ласты. Жиынды аудан әкімінің орын-басары С.Садибаев қорытындылады.

«Сауран-ақпарат».